Отбасы деген не? Аңғал сұрақ, солай емес пе? Барлығына еш түсіндірусіз анық ұғым. «Нан» мен «су» сөздері түсіндіруді қажет етпейтіндей, бұл ұғым да саналы өмірдің алғашқы сәтінен бастап сіңе бастайды. Отбасы – бұл үй, күйеуі мен әйелі, ата-ана мен балалар, әжелер мен аталар. Бұл – махаббат пен қамқорлық, еңбектер мен қуаныштар, бақытсыздықтар мен қайғылар, бұл – әдеттер мен мәңгі жаңару…

Далай-Лама былай деген еді: «Сіздің үйіңіздегі сүйіспеншілік – сіздің барлық өміріңіздің негізі». Неге оның айтқаны дұрыс?.. Қамқорлық мұхитының кез келген өмірлік дауылында сіз өз үйіңізге зәкір лақтыра алатындығыңызды білесіз. Бұл – идиллия емес, бұл – үйіңіз сүйіспеншілік пен түсіністікке толы болғандағы өміріңіздің шынайы бейнесі. Алайда, бұл өмірде барлығы симметриялы екендігін ұмытпаңыз, сіз қаншалықты өз отбасыңызға сүйіспеншілік сыйласаңыз – соншалықты олардан алатын боласыз.

Әр адамның отбасысы қанша адамнан тұратындығына қарамастан, қауіпсіз, жайлы, жанға жағымды және жылуға, сүйіспеншілік пен жақсылыққа толы орын болуы қажет. Біз барлығымыз әртүрлі әлеуметтік рөлдерде ойнаймыз, кейде өзімізге жағымсыз жерлерде болуға, мінез-құлықтары мен өмір салты әртүрлі адамдармен кездесуге мәжбүрліміз. Алайда, ұзақ кездесуден кейін, жемісті кәсіби қызметтен соң бізге демалыс керек, яғни өз «қорғаныңда» күш жинап, тынышталып, өзіңе және өзіңнің сүйіктілеріңе уақыт бөлуіңіз қажет. Өйткені отбасы – бұл біздің өз-өзімізбен бола алатын кеңістігіміз, әрдайым бізбен қалатын жағдай. Бұл – жылы да тәтті иіс орны. Бұл – тіпті алыстан демеп, қолдайтын біздің ең жақын адамдарымыз бен туған бауырларымыз! Бұл – бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын адамдар…

Сондай-ақ, «отбасы балалардан басталады». Сіздің балаңыз – бұл өзінің қызығушылығы мен өмірлік идеалдары бар жеке тұлға, тіпті бұл қызығушылықтар мен идеалдар сіздің ойыңызша аса дұрыс болмаса да. Баланың сыртқы әлеммен қарым-қатынасына аз араласуға тырысыңыз. Оған оның ішкі сырын бөлісетін, кеңес беретін немесе көмек ұсынатын досы бола біліңіз. Балалардың қате жасауына қорықпаңыз. Себебі тек қателер ғана ең маңызды өмірлік ұстаздар болып табылады. Өз балаларыңызға сенім артуға тырысыңыз. Және ең бастысы әрі негізгісі – балаларыңызды жақсы көріңіз. Оларды құлай жақсы көріңіз, орнына ешнәрсені талап етпеңіз. Тек осы жағдайда ғана сіздің осы өмірге әкелген балаңыз бұл әлемнің тең құқылы, еркін, толыққанды азаматы бола алады. Өйткені отбасы – бұл ананың күлімсіреуі мен әкенің демеуі, әр адамды нағыз БАҚЫТТЫ ете алатын ең жақсысы. Любовь в вашем доме – основа всей вашей жизни.