«Туған күніңмен!»

25.01.2017

25 қаңтар күні “Өзін-өзі тану” оқу-сауықтыру кешенінде “Туған күніңмен!” кеші өткізілді. Бұл мереке 2017 жылдың қаңтар айында дүниеге келген барлық балаларды құттықтауға арналды.

Туған күн иелеріне балалар өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын сыйға тартты. Әрбір бала “Бөбек” орталығының сыйлығына ие болды. Мерекелік іс-шара салтанатты дастарханмен жалғасты.