Ертегілер елінде қонақта

10.10.2017

2017 жылдың наурыз айынан бастап “Өзін-өзі тану” кешенінде “Күншуақ” қуыршақтар театры жұмыс істейді. Театр – балалардың өз қабілетін көрсетуіне мүміндік беретін ғажайып әлем. Театрлық қойылымдарға арналған қуыршақтар балалар мен тәрбиешілердің өз қолымен әзірленіп, дайындалды.

23 қыркүйек күні балалар “Бөбек” орталығының 20-жылдық мерейтойына арналған  “Игі істер елінде” қойылымын көрсетті.