Шынықсаң шымыр боласың

22.12.2022

Қазіргі жағдайда, балалар көп уақыттарын компьютерде және теледидар алдында өткізетіндіктен, олардың бойына таза ауада қимыл-қозғалыс ойындарына деген сүйіспеншіліктерін ояту керек. Оқу-сауықтыру кешенінде демалушы балалармен фишка мен допты пайдалана отырып, «Қысқы балмұздақ», “Көңілді слалом» ойындары мен жаттығулар, шанамен және кеглимен сырғанау сияқты «Көңілді старт» спорттық эстафетасы өткізілді. Мұндай іс-шара балаларға жақсы көңіл-күй мен қуаныш сыйлап, балалардың физикалық денсаулығы мен рухани күш-қуатын нығайтуға ықпал етеді.