Әдістемелік кеңес

16.01.2023

Оқу – сауықтыру кешенінде педагогтардың қатысуымен «Өзара сабақтарға қатысу-біліктілік арттырудың тиімді құралы» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Мұғалімдер мен тәрбиешілердің өзара сабақтарға қатысуы, талқылау, кері байланыс беру арқылы кәсіби біліктілік өсетіні жайлы айтылды. Кешеннің оқу – тәрбие үдерісінде 2023 жылға жоспарлар жасалынып, мұғалімдер мен тәрбиешілердің ақпараттық-әдістемелік мәдениетін дамыту; Кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру, жас мамандарға жүйелі әдістемелік көмек беру, әлеуметтік бейімделуге жәрдемдесу. Сабақ және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында заманауи түрлерін қолдану, тәжірибе алмасу және қауіпсіздік ережелерін сақтау іс-шаралар жоспары талқыланды.