Бөбек өз достарын қарсы алады

02.02.2023

Бөбек орталығының оқу-сауықтыру кешенінің “Ақшақарлы айнала” атты екінші ауысымына СҚО, ШҚО, БҚО, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар облыстарынан
балалар демалуға келді. Балалар 22 күндік бағдарлама бойынша емдік-сауықтыру шараларын қабылдап, денсаулықтарын нығайтады. Әсем Алматының тарихи және мәдени орындарына саяхат жасап патриоттық, рухани – адамгершілік, эстетикалық ой-өрістерін кеңейтеді. Мәдени және спорттық іс-шараларға қатысып, қабілеттерін дамытады. Сондай-ақ, оқу бағдарламасына сәйкес білім алады. Әрбір ауысым сайын балалар ұмытылмас қызықты сәттерге толы уақыт өткізіп, таным көкжиектерін дамытып үйлеріне керемет әсермен қайтады.