Балалар шығармашылығының көрмесі

01.03.2023

Бүгін «Бөбек» орталығының оқу-сауықтыру кешенінде “Алғыс айту” күніне орай балалар шығармашылығының көрмесі өтті. Таңертең тәрбиешілер балаларға да, қызметкерлерге де мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында фойені безендіріп, балалардың шығармашылық жұмыстарын қойды. Бүгін азаматтық қорғаудың дабыл жүйесі бойынша өткізілетін оқу-жаттығу жұмыстары “Алғыс айту” күніне тұспа-тұс келді. Сағат 10.00-де берілген белгі бойынша тәрбиешілермен бірге барлық топ белгіленген орынға аттанды.
Азаматтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындайтын қауіптерден қорғау шаралары бойынша дайындық сәтті өтті. Дайындық аяқталғаннан кейін барлығы бір-біріне алғыс айту күніне орай барлығы бір-біріне ризашылық білдірді.
Бейбіт аспан үшін! Еліміздегі халықтардың достығы мен бірлігі үшін! Қазақстан, саған алғысымыз шексіз!!!