Дұрыс дене бітім

18.04.2023

Баланың дене тұлғасы – қимылсыз және қозғалыс кезіндегі дененің тік қалыпты жағдайы. Дене тұлғасының дұрыс қалыптасуын бағалау өте қиын. Мәселен, ерте жастан қимыл ширақтығы мен қозғалыс мөлшерінің жеткілікті болуы омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Яғни сымбатты кеуде, жақсы дамыған бұлшықеттер, жинақылық пен тартымдылық бұлшық ет пен сүйек жүйесінің үйлесімді дамуына көп әсерін тигізеді.
“Бөбек” орталығының оқу-сауықтыру кешенінде емдік дене шынықтыру нұсқаушысы балалар дәрігерімен келісе отырып, баланың дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүргізеді. Сымбатты тұлға – әр баланың физикалық денсаулығы мен дене бітімінің көрікті болып қалыптасуының кепілі.