















Гимназиясының оқу тәрбие үрдісінің бағыты жалпыадамзаттық құндылыққа негіздеген. Дарынды балалар мен жұмыс (ДБЖ), мұғалімдер мен білімалушылардың ғылыми қоғамы да тыс қалмады. Интеллектуалды ғылыми-жоба өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу, ынтымақтастықты бірлесіп құрып диалог жүргізуге мүмкіндік береді. Өз көзқарастарын қорғау шешендік сөздерді білуге ғана емес, тыңдап, бағалап және өзге адамның идеяларын қабылдауға негізделген. Гимназиясының басым бағыттарының бірі – ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. 2009 жылдан бастап гимназия оқушылары мен ұстаздары Республикалық және Халықаралық конкурстар мен ғылыми конференцияларға қатыса бастады. Бүгінгі таңда біздің оқушылар келесі бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуде, олар: математика, экономика, физика және астрономия, тарих, этнография, мәдениеттану, әлемдік көркем әдебиет, химия, биология, әдебиетті оқыту, әдеби сын, тіл білімі, дүниетану, валеология, өзін-өзі тану.
Біздің балалар қатысатын конкурстар саны 35-ке өсті. Жұмыстардың сапасы тек республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің оқушылардың ғылыми-зерттеу конференцияларына, конкурстарға және олимпиадаларға қатысуы ғылыми және рухани-адамгершілік білім берудегі тәжірибелерін таратуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді деп айтуға болады.
Ғылыми-зерттеу қызметі оқушыларға көпшілік алдында сөйлей білу тәжірибесін алуға, портфолиоға сертификаттар мен дипломдар алуға, сондай-ақ Қазақстанның ЖОО-на түсу үшін жәрдемақы алуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары гимназияның 23 түлегі ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін еленіп, халықаралық конкурстардың қатысушысы мен жүлдегерлері атанып, ҰБТ түріндегі қорытынды аттестациядан босатылды және ҰБТ сертификатын алу құқығына ие болды.


