КОЛЛЕДЖГЕ ТҮСУ

 

 ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Біздің колледжімізде сіз қоршаған ортаны сүюді, адамдарды құрметтеуді, уақыттың қадірін білуді үйренесіз,өзіңізді танисыз!

Бұл жерде адамдарға жақсылық жасауға дайын, мемлекетіміз бен қоғамның игілігі үшін риясыз қызмет ететін  болашақ Мұғалімдер білім алады.

«Бөбек» колледжі келесі мамандықтар бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырады:
Күндізгі оқу түрі бойынша:
✅ 9 сынып негізінде – 3 жыл 10 ай
✅ 11 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

??? Мамандық: 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Біліктіліктер: 4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі»
??? Мамандық: 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктіліктер: 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі»
??? Мамандық: 01140700 «Информатика»
Біліктілік: 4S0110701 «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика
мұғалімі»
??? Мамандық: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілік: 4S01140605 «Шетел тілі мұғалімі»

Колледжде оқуға жасалған жағдайлар:
– байқау негізінде тегін оқу (ҚР ОАМ гранттары);
– ақылы негізде.
Оқыту тілі:
Колледжде оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
? ? Арнайы емтихан (әңгімелесу):
15, 16 тамыз (9 сынып негізінде);
18 тамыз (11 сынып негізінде)

? Оқуға түсу:
1. Арнайы емтихан (әңгімелесу түрінде);
2. Аттестаттағы пәндердің бағасы бойынша:

01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша:
– міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), (11 сынып негізінде Қазақстан тарихы) және бейіндік пәндер (әдебиет (оқыту тілі бойынша), биология);

01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», 01140700
«Информатика», 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша:
– міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), (11 сынып негізінде Қазақстан тарихы) және бейіндік пәндер (алгебра, биология)
Оқуға тапсыруға қажетті құжаттар:
• Өтініш;
• Жеке куәлік (көшірме) / Туу туралы куәлік (көшірме), СТН (көшірме);
• Негізгі орта білім туралы аттестат/ жалпы орта білім туралы аттестат – түпнұсқа)
• ҰБТ сертификаты немесе КТ сертификаты (болған жағдайда);
• Тіркеу куәлігінің көшірмесі (жасөспірімдер үшін);
• Бала денсаулығы паспорты;
•Медициналық анықтама 075-У, флюорография түсірілімі; №063 форма
(I және II топ мүгедектері мен бала жасынан мүгедектер үшін – медициналық- әлеуметтік сараптама қорытындысы, отбасының әлеуметтік жағдайы туралы анықтама);
• 3×4 көлеміндегі сурет (6 дана);
• Мінездеме

Біздің мекен жайымыз:
Алматы қ., Бостандық ауданы,
Байкенов көшесі, 44. “№ 191 мектеп” аялдамасы
☎️ Анықтама телефондары:
299-71-95 (ішкі 1001);
299-72-10 (ішкі 1261); 87478405765