Республикалық және облыстық физика-математикалық мектеп оқушыларына арналған астрономиялық жаттықтыру «Астрономия барлығы үшін»

03.02.2017

Қазақстанның дарынды балаларын қолдау мақсатында және оқушыларға ғарыштық білім беруді дамыту үшін, 2016 жылғы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бекітуі бойынша, «Бөбек» ҰҒПББСО-ы жоспарын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты, «Бөбек» ҰҒПББСО-дағы Обсерватория базасында, Республикалық және облыстық физико-математикалық мектеп оқушыларына арналған «Астрономия барлығы үшін» атты Астрономиялық жаттықтыру өткізілді.

Астрономиялық жаттықтыруда лекциялық, практикалық, зертханалық сабақтар және күздік аспандағы объектілерді бақылау қарастырылады. Астрожаттықтыру бағдарламасын құрастыру, бағдарламалау және робототехникаға байланысты жаңа тақырыптар қосылды. Қарастырылған тақырыптар актуальды және оқушылардың шынайы қызығушылығын арттыру болып табылады: Жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаталарының жүйелері, уақыт және координата өлшемдерінің әдістері; Күн жүйесі, планеталар, жұлдыздар және галактикалар; Дүние жүзілік арақашықтықты анықтау.  Телескоптар және олардың сипаттамалары; Космостық робототехникаға кіріспе; Микроконтроллерлармен жұмыс; AVR-Studio жобасы; Өзіндік құрастыру аппараттарын ойлап табу; Астрономия, астрофизика, бағдарламалау және робототехникаға байланысты есептер шығару; Жұлдызды аспанды бақылау.

Оқушылар Планетарияда шоқжұлдыздарды, сфералық астрономияның негізін зерттеді және ғылыми-танымды тематикалық фильмдер көрді. Бақылаулар үшін кішкене телескоптар қолданылды.

Астрожаттықтырудың соңғы күндерінде оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында космостық физика және астрономия аймағында бақылау жұмыстары алынды (жаттықтыру туры). Оқушыларға ( А және В топтары) үш сағат ішінде сегіз есептерді шығару ұсынылды. Соңында бақылау туры болды. Екі турдың қорытындысы бойынша

рейтингілік хаттама толтырылды.

Осы іс-шара өткізілу аймағында Қазақстан өңірінен келген топтардың жетекшілері және мұғалімдер үшін астрономия және физикаға байланысты біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.

Соңында мектеп оқушылары мен топ жетекшілеріне жақсы аяқталғаны үшін Республикалық және облыстық физико-математикалық мектеп оқушыларына арналған «Астрономия барлығы үшін» атты Астрономиялық жаттықтыруда арнайы сертификаттармен марапатталды.