ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ

16.09.2022

2022 жылғы 14 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын зерделеу бойынша «Бөбек» орталығы қызметкерлерінің онлайн отырысы өтті.
Жолдауда Президент Жаңа Әділетті Қазақстанды құру үдерісінде «азамат – бизнес – мемлекет» үштігі арасындағы қарым-қатынастарды терең қайта құруға бағытталған реформалардың нақты бағыттарын атап көрсетті.
Гимназия және колледж оқытушылары Анапияев Казбек Ерболатович, Драгунова Ирина Викторовна және орталықтың этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі Карабут Олег Степанович орталық қызметкерлерін ашық бәсекелестік пен барлығына тең мүмкіндіктер бар Әділетті Қазақстан жолындағы жаңа реформалармен таныстырды.