Астрономия және космонавтика – болашаққа қадам

07.10.2022

2022 жылғы 07 қазанда “Бөбек” орталығында, сағат 13.00-де ZOOM платформасында физика және астрономия мұғалімдеріне арналған “Астрономия және космонавтика – болашаққа қадам” атты ғарыштық білім беру бойынша халықаралық әдістемелік онлайн-семинар өтті. Семинарға Қазақстанның астрономия және космонавтика саласындағы жетекші ғалымдары, астрономия үйірмелерінің басшылары және “Бөбек” ҰҒПББСО қызметкерлері қатысты. Конференцияға 150 – ден астам тыңдаушы қосылды-олар физика, астрономия мұғалімдері және астрономия үйірмелерінің жетекшілері.
“Бөбек” ҰҒПББСО Бас директоры – Б. В. Файзуллина құттықтау сөз сөйледі. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультетінің деканы – Н.А. Бейсен; Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры – М. Е. Әбішев; директордың ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты – Валиуллин Р. Р.; “Атамекен” Қазақстандық жобаларды басқару институтының (ҚБИЖ) басқарушы серіктесі, ҚР ҰКП мектеп және студенттік технологиялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитетінің басшысы – В. И. Затолокин.; Алматы қ. ФМН НЗМ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары – Мансурова А. А.; облыстық Ақтөбе планетарийінің “Үркер” үйірмесінің жетекшісі – Когай В. Г.; Обсерваторияның бас механигі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты – А. С. Нодяров; “Бөбек” ҰҒПББСО обсерваториясы директорының орынбасары, А. Ж. Кенжетай және обсерваториясы директорының м.а. Потапенко С.А. баяндама жасады