Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

19.10.2022

2022 жылдың 18 қазаны күні сағат 14.00-де «Бөбек» ҰҒПББСО гимназиясының көркемеңбек пәнінің мұғалімі Капаева Гульнафис Рашидовна «Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі. Мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту идеяларымен бөлісті. Еңбек және бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды мәселе болып қала беретінін және барлық уақытта өзекті екенін атап өтті.