Өзін-өзі тану – денсаулыққа апарар жол

01.11.2022

2022 жылдың 1 қарашасында ZOOM платформасында «Бөбек» Ұлттық Ғылыми-Практикалық Білім беру және Сауықтыру орталығының 25 жылдығына арналған «Өзін-өзі тану – денсаулыққа апарар жол» тақырыбында Халықаралық семинар өтті. Семинарға «Бөбек» ҰҒПББСО қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, психологтар сөз сөйледі. Халықаралық семинар жұмысына жүзден астам адам қатысты.
Оңалту және білім беру орталығы директорының орынбасары Юлия Владимировна Бражник, Мәскеу қаласы, Ресей федерациясы, Царско Александр Александрович, «Развитие» ғылыми-практикалық орталығының директоры, педагог-психолог, Томск қаласы, Ресей Федерациясы, Кобжасаров Дамир Асланович, Ұлттық салауатты тамақтану орталығының директоры; Каримова Раушан Бейдалиевна психология ғылымдарының докторы, профессор, терапевт, психоневролог; Айкешева Әлима Сәлімқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Еуропа тарихшылар қауымдастығы халықаралық қоғамдық денсаулық институтының құрметті профессоры, Астана қаласы; Баймағамбетов Абай Ақатұлы, қазақ гимнастикасының негізін қалаушы және Айкүне авторы, Нөкербекова Бақыт Момынбекқызы, профессор, ҚазҰМУ хирургы; Нұрғалиева Жанар Жеңісқызы, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазҰМУ балалар аурулары кафедрасының профессоры, балалар эндокринологы; Казова Амина, химик, т.ғ.д., МАИН академигі; Аденова Мақпал Қамитқызы, «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінің директоры өз ойларымен және жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында «Бөбек» орталығы туралы бейнеролик, балалардың орындауындағы шығармашылық нөмір көрсетілді.
Өзін-өзі тану – адамды рухани-адамгершілікке баулитын, қуаныш пен бақытқа жетейлейтін, өмірлік мақсатын айқындауға және өз жолын табуға көмектесетін, шығармашылық процесс. «Бөбек» орталығының жұмысында рухани-адамгершілік тәрбие, өзін-өзі тану, қазақ халқының салт-дәстүрлері рухында тәрбиелеу ең маңызды орын алады.
Барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары үшін алғыс айтамыз және еңбектерінің жемісті болуын тілейміз.