«Тәрбие. Шығармашылық. Инновация» атты Халықаралық семинар

20.12.2022

2022 жылдың 20 желтоқсаны күні сағат 14.00-де «Бөбек» ҰҒПББСО гимназиясында «Тәрбие. Шығармашылық. Инновация» тақырыбында Халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинарға орта және жоғары білім беру ұйымдарының педагогтері мен ғалымдар, сондай-ақ шетелдік серіктестер қатысты.
Семинардың мақсаты: педагогтер, балалар мен ата-аналар достастығының нәтижесі ретінде инновациялар арқылы оқыту мен тәрбиелеудің құзыреттілік моделін теориялық және практикалық іске асыру.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбиелеу мен шығармашылықтың инновациялық тәсілдері туралы пікірлерін ортаға салды.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://us02web.zoom.us/postattendee?mn=kX9NeZoJP1OicYNhcLnyDZr8_bhezsCOOus._xV5N4j6ikL3RrFh