Тікелей эфир

01.02.2023

31.01.2023ж күні сағат 14:00-де “Бөбек” оқу – сауықтыру кешенінің, бастауыш сынып мұғалімі Айтмуханова Жания Эсболқызы “Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ұлт жобасы аясында балаларды көркем әдебиет оқуға баулу”тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі. Тікелей эфир барысында мұғалім балалардың әдеби шығармаларды оқи отырып, ой – өрісі, қиял ғажайып эмоциялары дамитынын, оқыған шығармаларын сурет бейнелеріне түсіре алатынын айтты. Ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыратыны айтылды.
Іс – шара ZOOM платформасында және Facebook желісіндегі Bobek ortalygy парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.