Оқу-тәрбие жұмысы

10.03.2023

2022 жылы наурыз айының 9 – жұлдызында «Бөбек» ҰҒПББСО “Оқу-сауықтыру” кешені директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мажитова Назыгуль Кабдуллаевна тікелей эфирде ” Бөбек” орталығының оқу-сауықтыру кешеніндегі оқу-тәрбие жұмысы жайында сөз сөйледі. Өз сөзінде Қазақстанның барлық аймақтарынан әлеуметтік аз қамтылған отбасынан, көп балалы отбасынан, жетім және ата – анасының қамқорынсыз қалған, сондай-ақ экологиялық қолайсыз өңірлерден келген балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында, әр ауысым сайын 110 бала қабылдайтындықтарын атап өтті.
Сонымен қатар, оқу – сауықтыру кешеніне сауықтыруға келген балалардың денсаулықтарын нығайтып, негізгі пәндерден білім алып, түрлі тәрбиелік іс-шараларға қатысу арқылы жақсы қасиеттерді бойларына сіңіре отырып, әр бала өз бойындағы шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік алатындықтарын айтып өтті.