Оқу үдерісінің тиімділігін айқындаушы негізгі факторлар

20.03.2023

2023 жылдың 16 наурыз күні «Бөбек» колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Магулымова Гулим Сембековна «Оқу үдерісінің тиімділігін айқындаушы негізгі факторлар» (жұмыс тәжірибесінен) тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі.
Өз сөзінде техникалық және кәсіптік білім беру саласында 10 жылдан астам уақыт бойы еңбек нарығына педагог мамандар дайындап шығарып отырған «Бөбек» колледжінің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында қолданылып отырған факторлар туралы баяндады.