Қазақстан халқының бірлігі күні.

25.04.2023

Қазақстан халқының бірлігі күні – Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігінің мерекесі. 1 мамыр мерекесі қарсаңында «Бөбек» балабақшасында ұмытылмас мереке өтті. Мерекенің ашылуында Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалды. Мерекеде балалар ұлттық ойындар ойнап, достық туралы мақал-мәтелдер айтып, ән шырқап, әр тілде тақпақтар оқыды, әр ұлттың билерін биледі, бір-біріне дос болып, көмектесе алатындарын дәлелдеді. Мереке достық туралы көңілді әнмен аяқталды.