Балабақшадағы жобалық қызмет

10.07.2023

«Бөбек» бөбекжай-балабақшасында педагогтар мен тәрбиешілерге арналған «Балабақшада жобалық қызметті пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жоғары эмоционалды деңгейде, достық , жылы атмосферада өтті. Педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар өткізген ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобалық жұмыстарын қорғады. Өзекті мәселелер талқыланды, сондай-ақ одан әрі жұмыс істеу перспективалары белгіленді. Маңызды және мағыналы тақырып талқыланған семинар барысында құрылған керемет атмосфера үшін педагогтарға ризашылығымызды білдіреміз.