«Алтын күз» мерекесі

03.11.2023


«Бөбек» бөбекжайында жылдың тамаша мезгілі – күзге арналған мерекелік ертеңгілік өтті.
Залдың барлық жеріндегі түрлі-түсті жапырақтар ормандағы күзді еске түсіргендей. Балалар тақпақ оқып, ән айтып, ойын ойнап, би биледі.
Оларға Сиқыршы күз келді. Күз өзімен бірге күзгі жұмбақтар жазылған сиқырлы сандықты әкелді. Балалар Күздің тапсырмаларын үлкен ықыласпен орындады. Олар қолшатырдың астында жүріп саңырауқұлақтар, көкөністер, жемістер терді.
Ертеңгілікке «Улыбка» тобының балалары «Сиқырлы қолшатыр» музыкалық ертегісін ұсынды. Күткендей, мерекенің соңында сиқыршы Күз барлық балаларды өз сыйлықтарымен қуантты. Барлық балалар риза болып, қуанды.