«Алтын күз» мерекесі

06.11.2023


Күз – жылдың тамаша мезгілі. Біздің «Бөбек» бөбекжайында «Қарлығаш» және «Радуга» топтарында жылдың тамаша мезгіліне арналған ертеңгіліктер өтті. Күз ханшайымы балалардың әкелген өнерлерін тамашалады. Балалар қонақты әнмен, бимен, әзілмен, ойынмен қуантты. Күз мезгілі «сұрғылт уақыт» деп аталса да, мереке барлық қатысушыларға қуаныш пен шаттық сыйлады.