Халықаралық астрономиялық турнир

22.11.2023

Қырғызстан, Ыстықкөлде Чолпон-Ата қаласында өткен халықаралық астрономиялық турнир аяқталды! 12 команда, оның ішінде Қазақстаннан 2 команда қатысты. Қазақстан құрамасы бірінші және екінші орынды иеленді. ?

? Бірінші орын Қазақстан командасы – Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ және РФММ командасына бұйырды. Рамазан Әмірхан , Заруов Әли, Арманұлы Арнур, Күнғожин Ғазиз, Әлішер Диасты, жетекшілері Кисыков Елдосты бірінші дәрежелі дипломмен және алтын медальмен құттықтаймыз!

?Екінші орынды «Бөбек» командасы жеңіп алды. Саенко София, Бектанова Жамиля, Раимжанова Айзере, Кусембаева Аруна, Ганиева Аиданы және жетекшілері Нодяров Атилхан Сұлтанмұратұлын екінші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен құттықтаймыз!

? Командалар “Бөбек” орталығының обсерваториясында дайындықтан өтті. Ұмытылмас оқиға үшін «Алтын туйун» Ұлттық балалар инженерлік-техникалық академиясына алғыс айтамыз! Барлық қатысушыларды тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз!