АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

22.11.2023

2023 жылғы 28 қарашада сағат 14.00-ден 16.30-ға дейін ZOOM платформасында «Ойын арқылы үйретеміз. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс-әрекетінің құралы ретінде» тақырыбында Халықаралық семинар өткізіледі.

Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, өңірлік Білім басқармаларының мамандары, «Бөбек» ҰҒПББСО және «Өрлеу» КЕ АҚ қызметкерлері, шетелдік серіктестер, ғалымдар, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары қатысады.

          Семинардың жетекші идеясы: «Ойын – бұл үлкен әрі нәзік дүние, сол арқылы баланың рухани өміріне әр беретін және қоршаған әлем туралы ұғымдары. Ойын-бұл қызығушылық пен ізденімпаздықты лаулататын ұшқын» (В. А. Сухомлинский).

Балабақшада балалардың басқалармен және өзара қарым-қатынас жасау, басқаларды және өздерін түсіну, сену және дос болу дағдылары қалыптасады. Ойын арқылы балалар адамдар арасындағы қарым-қатынас әлемін игереді. Ойын әлеуметтік бейімделуді қамтиды: балалар басқа адамдардың сезімдерін оқуды үйренеді, өз сенімдерін қорғауға тырысады, әлеуметтік топтағы мінез-құлық ережелерін игереді. Ойын әрекеті арқылы бала кез-келген дағдыға оңай үйренеді, қатысады және шабыттанады. Зерттеулер көрсеткендей, әр түрлі ойындарды жақсы, ынталы, қиялмен ойнайтын балалар кез-келген командада өзін жақсы сезінеді.   

 Семинар барысында талқыланатын маңызды сұрақтар:

  • Балалармен ойнау неліктен маңызды?
  • Баланың психикалық дамуы үшін ойынның маңызы қандай?
  • Ойын баланың жеке тұлғалық дамуына қалай әсер етеді?
  • Жаңа буынды дамыту ойындары дегеніміз не?
  • Әр түрлі жастағы балаларда ойынның даму ерекшелігі неде?

Семинар барысында бейнероликтер мен шығармашылық нөмірлер көрсетіледі. Семинарға кіру үшін сілтеме «Бөбек» орталығының әлеуметтік желілеріндегі ресми беттер мен сайтта орналастырылады.

NB!
Халықаралық семинарға кім қатысқысы келеді, 2023 жылдың 24 қарашасына дейін өтінімдер мен материалдарды (бейне роликтер, презентациялар, фотосуреттер, аудио өтініштер) мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз

 kuralay.tattimbetova@mail.ru

galiyajamantykova@gmail.com

Берілетін уақыт: 5 минут.

 Анықтама телефондары: +7 701 716 42 06 – Құралай Жеңісқызы, +7 702 572 24 41 – Ғалия Кабденовна