Халықаралық әдістемелік онлайн-семинар

30.11.2023

2023 жылдың 28 қарашасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық
білім беру және сауықтыру орталығында: «Ойын арқылы оқыту» «Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған әрекетінің құралы ретінде» атты халықаралық әдістемелік онлайн-семинар өтті.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі арнайы және инклюзивті білім беру Департаментінің басшысы Бутабаева Лаура Асқаровна және «Бөбек» ҰҒПБСО бас директоры Файзуллина Баян Викторовна сөз сөйлеп семинарға қатысушы шет елдік қонақтарға қонақтарға, тәрбиеші-ұстаздарға алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі!
Семинарға қатысушылар: Ерте жастағы балаларды дамыту Институтының директоры Адамова Манара Елекеновна; Светлана Анатольевна Войтас, № 7 мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің және № 32 РШИ мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты және Бражник Юлия Владимировна, № 7 мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің және № 32 РШИ мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің директорының орынбасары. Мәскеу қаласы, Ресей; Бабаев Мурад, «Арнайы мектеп» оңалту орталығының атқарушы директоры, кеңесші психолог. Әзірбайжан; Солнцева Ольга Викторовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі педагогика кафедрасының доценті; Мусина Сара Сманқызы, Ментальді денсаулық орталығы, коуч психолог, әлеуметтік ғылымдар магистрі; Сәдуақасова Әсел Жоламанқызы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері; Калачева Ирина Владимировна, АҮДҰИ аға ғылыми қызметкері; Тоқтарбай Гүлжиһан Әділбекқызы, ҚР Президенті Әкімшілігі Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының педагог-психологы; Тәттімбетова Құралай Жеңісқызы, «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының директоры;
Халықаралық семинарға қатысушылар мектепке дейінгі мекемелердің педагог-тәрбиешілеріне өте құнды ақпараттар берді. Семинар барысында тамаша бейне-роликтер және музыкалық нөмірлер көрсетілді. Халықаралық семинар қазіргі кездегі педагог тәрбиешілеріміздің қоржынына қосылған қазына деп білеміз! Семинарға еліміздің әр өңірінен 500-ден астам педагогтар қатысты. Семинарға кіру сілтемесі «Бөбек» орталығының сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында орналастырылған.

Семинарды көру үшін сілтеме.
https://www.facebook.com/100024148568393/videos/6853081861438453/