«Заманауи технологиялар және білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі»» тақырыбында онлайн-форматта Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

05.12.2023

«Бөбек» ҰҒПББСО «Бөбек» колледжі және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім Департаментінің қолдауымен 2023 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған ««Заманауи технологиялар және білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі»» тақырыбында онлайн-форматта Халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізеді.
Халықаралық семинардың жұмысы заманауи педагогика саласында зерттеулер және ұлттық құндылықтар интеграциясы жағдайында болашақ маманның құзыретін қалыптастыру мәселелері бойынша озық педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған.
Семинар Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінің көрнекті педагогтары және білім беру қайраткерлерінің, практиктердің, инновациялық білім беру мектептері мен колледждерінің бірегей форумына айналмақ.
Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, ««Өрлеу» БАҰО» АҚФ Республикалық кәсіби даму институты, «Talap» КЕАҚ өкілдері қатысады.
Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға ТжКББ ұйымдарының басшылары, директордың оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер, жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары шақырылады.
Секция тақырыптары:
I. Білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар
II. Ұлттық құндылықтарды білім мазмұнында енгізу аспектілері
Басталуы сағат 12.00 (Астана қ. уақытымен)
Спикерлер мен қатысушыларды қосу ZOOM платформасының https://us06web.zoom.us/j/2523507782?pwd=1QfAxHa8xvEXcjLWobvxRq7Ihm1Ul1.1&omn=82688351418 сілтемесі арқылы
Іс-шара Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде таратылады.