Халықаралық ғылыми-практикалық семинар

08.12.2023

   2023 жылғы 7 желтоқсанда «Бөбек» ҰҒПББСО колледжінде, тікелей эфирде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған «Заманауи технологиялар және  білім беру саласына ұлттық құндылықтарды енгізу шеңберіндегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті.
 Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, ««Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Республикалық кәсіби даму   институты, «Talap» КЕАҚ өкілдері, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру  және орта білім беру ұйымдарының  басшылары, директор орынбасарлары, педагогтары қатысты.
  Халықаралық семинардың жұмысы заманауи педагогика саласында зерттеулер және ұлттық құндылықтар интеграциясы жағдайында болашақ маманның құзыретін қалыптастыру мәселелері бойынша озық педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталды.
    Семинарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының м.а. Ақзира Бақтыбайқызы Қасымова ашты.
 Құттықтау, алғы сөз сөйлегендер: «Бөбек» ҰҒПББСО Бас директоры Файзуллина Баян Викторовна, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,  Кәсіби білім беру мазмұнын трансформациялау зертханасының меңгерушісі Раймбекова Жанат Ахатовна, «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру  мазмұны  басқармасының бастығы Далабаев Жанат Куанышбаевич, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Республикалық кәсіби даму   институтының директор орынбасары Қойлық Нұрғали Отарбайұлы , «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» қауымдастырылған профессоры Қоңырбаева Сараш Сахиқызы құттықтау сөз сөйледі. Қатысушылардың назарына «Бөбек» орталығы туралы бейнеролик және «Бөбек» колледжі білім алушыларының музыкалық қойылымы ұсынылды.
Пленарлық отырыстың спикерлері: клиникалық психолог, Ресей халықтар достығы университетінің маманы Юлия Сатаевна Гильмутдинова; М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Жанаева Шағангүл Алдамжарқызы; Әзірбайжан, Баку қаласы мемлекеттік педагогикалық колледждің «үздіксіз білім беру және оқыту» бөлімінің меңгерушісі Гаджиева Севиндж Гонагбековна; Тәжікстан Бободжон Гафуров ауданы «Амид» мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хакимова Мухаббат Ашуровна; Қырғыз Республикасының Білім беру үздігі, Кочкор-Ата колледжінің оқытушысы Абдураимова Нұргүл Тағайқызы; Тәжікстан, Истаравшан қаласы № 1 М.Н. Джабаралиева атындағы мемлекеттік емес білім беру мекемесінің ағылшын тілі мұғалімі Хомидова Гүлноза Насимжанқызы; Абай  атындағы гуманитарлық колледж директорының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Жайлыбаева Жанар Ерғазықызы; директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Қостанай автомобиль көлігі колледжінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Бибик Виктория Викторовна; Орал қаласы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Есенова Ләззат Сайкомовна болды.
 Секциялық жұмыста «Өрлеу» БАҰО Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары  Кайдакова Виктория Юрьевна, Кеніштайқызы Гүлбала тренинг өткізіп, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстары, Алматы, Қызылорда,Ақтөбе, Тараз, Петропавл қалалары колледждерінің оқытушылары баяндама жасады.

Секция қатысушыларына білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы инновациялық технологиялар және ұлттық құндылықтарды білім мазмұнында енгізу аспектілерін талқылау ұсынылды.
Семинар жұмысына 400-ге жуық педагог қатысты. Семинар Қазақстан мен таяу шет елдердің жетекші педагогтары мен білім беру қайраткерлерінің бірегей форумына айналды. Семинардың толық нұсқасы «Бөбек» сайты және әлеуметтік желілерінде сілтеме орталығында орналастырылған.