Халықаралық семинар: «Тәрбие. Шығармашылық. Инновация»

21.12.2023

2023 жылдың 21 желтоқсан күні сағат 14.00-де «Бөбек» ҰҒПББСО гимназиясында «Тәрбие. Шығармашылық. Инновация» тақырыбында Халықаралық онлайн-семинары өтті.
Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілі, облыстық білім басқармаларының мамандары, шетелдік серіктестер, «Бөбек» ҰҒПББСО-ның қызметкерлері, ғалымдар, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтер қатысты.
Семинардың жетекші идеясы: Барлық балалар үшін тең мүмкіндіктер.
Семинардың мазмұны: тәжірибе алмасу, еліміздегі және шетелдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибелерімен таныстыру.
Семинарға қатысушылар өз тәжірибелері туралы әңгімеледі, тәрбиелеу мен шығармашылықтың инновациялық тәсілдері жөнінде пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, қазіргі білім беру жүйесіндегі инклюзивтік білім беру тәжірибелерімен де бөлісті.
«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК бас директоры Файзуллина Баян Викторовна құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ семинарға қатысты:
Мурзалинова-Яковлева Салтанат, әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы қоғамдық қорының президенті, Қазақстан.
Артур Рэмович Ляндзберг, ГБНОУ «СПБГДТЮ» «Крестовский аралы» экологиялық-биологиялық орталығының директоры, Елена Викторовна Мирер, ГБНОУ «СПБГДТЮ» «Крестовский аралы» экологиялық-биологиялық орталығының педагог-психологы, Санкт-Петербург қ., Ресей.
Ладыжникова Анна Евгеньевна, Санкт-Петербург қалалық жастар шығармашылығы сарайының «Петрополь» тарихи-өлкетану клубының жетекшісі, Санкт-Петербург қ., Ресей.
Муравьев-Андрейчук Владимир Владиславович, Санкт-Петербург қалалық жастар шығармашылығы сарайының спорт мектебінің сноуборд бөлімінің аға жаттықтырушы-оқытушысы, Санкт-Петербург қ., Ресей.
Ногайбаева Гульбаршин Аскеновна, Ы. Алтынсарин ат. Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығының бас сарапшысы, Астана қ., Қазақстан
Каримова Раушан Бейдалиевна, психология ғылымдарының докторы, профессор, дәрігер-психоневролог, психолог-практик «ерекше баланың инклюзивті білім беруге дайындығының психологиялық-педагогикалық шарттары», Алматы қ., Қазақстан.
Амонашвили Паата Шалвович, психология ғылымдарының докторы, әлеуметтанушы, жазушы, «Басти Бубу» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі, Грузия.
Дайрова Ботагоз Алиевна, «Бөбек» гимназиясының педагог-психологі, Алматы қ., Қазақстан
Касымова Бакыт Мауленовна, ШЖҚ «Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжі» КМК басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, Павлодар обл., Қазақстан.
Есентаева Акмарал Идирисовна, «Бөбек» колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Алматы қ., Қазақстан.
Худатаева Забида Асановна, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, Тараз қ., Қазақстан.
Көшербаева Гүлназ Көшербайқызы, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің педагог-психологі, Қазақстан.
Казбекқызы Арайлым, Алматы қаласы білім басқармасының «№125 бөбекжай-бақшасы» КМҚК меңгерушісі қ., Қазақстан.
Имамбекова Айгуль Сембековна, Алматы қаласы білім басқармасының «186 бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі, Қазақстан.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://us06web.zoom.us/j/2523507782?pwd=1QfAxHa8xvEXcjLWobvxRq7Ihm1Ul1.1&omn=82702691170