БӨБЕК» ҰҒПББСО РМҚК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

25.12.2023

 

«Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК өз қызметін білім саласындағы мемлекеттік саясат және Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

Орталықтың миссиясы: жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде балалар мен жастардың үйлесімді зияткерлік, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-эмоционалдық және физикалық тұрғыда дамуы.

Миссия 3 стратегиялық бағытты іске асыру арқылы орындалады:
1. Сапалы білім беруді қамтамасыз ету (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім, қосымша білім беру);
2. Балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру;
3. Мектептегі ғарыштық білім беруді дамыту.

?2021-2023 жылдар аралығында «Бөбек» орталығы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 11 халықаралық іс-шара өткізді. https://www.facebook.com/share/v/HbR6gxJvLg4fs6Ad/?mibextid=WC7FNe