Менімен ойна!

26.01.2024


Қыста ашық ауада өткізілетін ойындар мен ойын-сауық балаларға үлкен қуаныш сыйлайды және олардың денсаулығына баға жетпес пайда әкеледі. Балаларға арналған ашық ауада әртүрлі ойындар – шанамен сырғанау, қармен ойнау, балалардың сүйікті қысқы ойын-сауықтары. «DosballLIKE: болғың келсе, дос бол! Балабақшамызда «Улыбка» тобында тәрбиеші Есембаева Ботагөз Бірмағанбетқызы ашық ауада балалармен қызықты ойындар өткізді.Ойынға балалар белсене қатысты. Олар үшін қызықты болды, ойын барысында бір-біріне көмектесіп, достық қарым-қатынаста болды. Балалар күні бойына жағымды эмоциялар мен жақсы көңіл-күй зарядын алды.