«Ұлттық ойындар ұлтымыздың құнды мұрасы»

30.01.2024

2024 жылы 30 қантар күні сағат 14:00-де «Бөбек» колледжінің дене шынықтыру пәні оқытушысы Бөлегенов Әсет Ыдырысұлы «Ұлттық ойындар ұлтымыздың құнды мұрасы» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі.

Ұлттық ойын- қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан асыл мұрамыз. Жасөспірімдер санасына жастайынан туған елдің мәдениетіне, әдет- ғұрпына деген қызығушылық, сүйіспеншілік және қадірлеу секілді сезімдер қалыптасады. Еліміздің жастарын иманды да саналы, ақылды да парасатты және жігерлі де қайратты болуына тәрбиелейтін құралы болып ұлттық ойындарымыз – ұрпақтан ұрпаққа ұласа береді деп сенім білдіреміз!

Іс-шара Facebook желісінде «Бөбек» орталығы әлеуметтік парақшасында көрсетілді.
Толығырақ мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.facebook.com/bobek.samopoznanie/videos/592350246418527/?mibextid=Nif5oz