Халықаралық онлайн-семинар.

28.02.2024

29.02.2024 жылы «Бөбек» ҰҒПББСО «Бөбек» бөбекжай-балабақшасының ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» тақырыбында халықаралық семинар өтеді. Семинар қонақтары: ҚР оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, біліктілікті арттыру ұлттық орталығы лекторлары, «Бөбек» ҰҒПББСО және «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты қызметкерлері, ғалымдар, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтары және шетелдік әріптестер психология ғылымдарының докторы, жазушы, психолог, әлеуметтанушы, педагог, оқытушы, «Басти Бубу» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі, Грузиядан Амонашвили П. Ш.; Педагогика ғылымдарының кандидаты, Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі педагогика кафедрасының доценті, Римашевская Л.С.; кеңесші психолог, «Special School» оңалту орталығының атқарушы директоры, Әзірбайжаннан Бабаев Мурад қатысады.