2024 жылдың 29 ақпанында «Бөбек» ҰҒПББСО-да «Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету» атты Халықаралық онлайн-семинар өтті.

01.03.2024

Ең алғашқы сөз кезегі ҚР оқу-ағарту министрлігі инклюзивті және арнайы білім департаменті директорының міндетін атқарушы Елюбаева Дариха Чапаевна және «Бөбек» ҰҒПББСО РМҚК бас директоры Файзуллина Баян Викторовнаға берілді.
Семинар барысында өз тәжірибесімен бөліскен қонақтар: Ерманова Мария Наятовна, ҚР оқу-ағарту министрлігі балаларды ерте дамыту институты директорының орынбасары; Каримова Раушан Бейдалиевна, психология ғылымдарының докторы, профессор, психоневролог-дәрігер, психолог-практик; Амонашвили Паата Шалвович, психология ғылымдарының докторы, жазушы, психолог, әлеуметтанушы, педагог, оқытушы, «Басти Бубу» мектепке дейінгі білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі, Грузия; Римашевская Лариса Сергеевна, педагогика ғылымдарының кандидаты, Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі педагогика кафедрасының доценті, Ресей; Бабаев Мурад, кеңесші психолог, «Special School» оңалту орталығының атқарушы директоры, Әзірбайжан; Мусина Сара Смановна, коуч-психолог, психикалық денсаулық орталығының әлеуметтік ғылымдар магистрі; Асқарова Айзада Телагысовна «Өркен» БӘАҰҒПИ ғылыми-әдістемелік бөлімінің аға ғылыми қызметкері; Сағиджанова Нұрғайша Тілеуғабылқызы, ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы РМК меңгерушісі; Сарсебаева Жулдыз Мухтаровна, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының әдіскері; Камбар Айнур Камбаровна, Астана қаласы № 95 «Алматы» балабақшасының педагог-психологы; Азирахмет Әсемгүл Байбосынқызы, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі
Семинар барысында мектепке дейінгі білім берудің маңызды тақырыптары мен өзекті мәселелері талқыланды.
Семинар жұмысына 300-ден астам педагог қатысты. Семинардың видеосына қол жеткізу үшін сілтеме әлеуметтік желілердегі «Бөбек» орталығының ресми парақшалары мен сайтында орналастырылған.