«Болашақ мұғалімдерді инновациялық- педагогикалық іс- әркетке дайындау»

02.04.2024

2024 жылы 2 сәуір күні сағат 14:00-де «Бөбек» колледжі директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Жумабаева Жулдыз Темирхановна «Болашақ мұғалімдерді инновациялық- педагогикалық іс- әркетке дайындау» тақырыбында тікелей эфирде сөз сөйледі.

Болашақ мұғалімдердің инновациялық қызметінің табыстылығы олардың инновацияның практикалық маңыздылығын кәсіби деңгейде ғана емес, сондай-ақ қаншалықты жеке деңгейде сезінуіне байланысты. Осыған байланысты болашақ педагогтердің өндірістік тәжірибе кезеңінде мектептегі инновациялық қызметке дайындығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр.

Іс-шара Facebook желісінде «Бөбек» орталығы әлеуметтік парақшасында көрсетілді.
Толығырақ мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.facebook.com/100024148568393/videos/3721590861418936/