«АСТРОНОМИЯ БАРЛЫҒЫ ҮШІН» АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
21.02.2020
2020 жылдың 16-23 ақпан аралығында«Бөбек» ҰҒПББСО Обсерваториясында Қазақстан Республикасы оқушыларының ғарыштық білім беру бойынша жұмысының бір түрі болып табылатын мектеп оқушыларына «Астрономия барлық үшін» атты Астрономиялық жаттығу өткізілді.
Астрожаттықтыру бағдарламасына келесі тақырыптар енгізілді: Моральдық және рухани білім беруді ғарыштық біліммен интеграциялау туралы дәріс және Астрономия бойынша дәрістер: Жұлдызды аспан, аспан сферасы, аспан координаттарының жүйесі, координаталар мен уақытты өлшеу әдістері; Күн жүйесі, Планеталар, Жұлдыздар мен Галактикалар; Әлемдегі қашықтықты анықтау. Телескоптар және олардың сипаттамалары, Жұлдызды аспанды бақылау, сонымен қатар, астрономия, астрофизика бойынша есептер шығарылды.
Барлық қатысушыларға «Астрономия барлығы үшін» астрономиялық жаттықтыруын сәтті аяқтау туралы сертификаттар берілді.