Іс шаралар

«Ханзада мен Ханшайым».

«Бәрі сүйіспеншіліктен басталады…» атты ауысымда  ұйымдастырылған «Ханзада мен Ханшайым» сайысы.

Балалар өте белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Барлығы өнерлі, білімді, алғыр! Жолдарың ашық болсын, балапандар!

Өнерлерің өрге жүзсін!!!

Жаңа жыл қарсаңында «Бөбек» оқу – сауықтыру кешенінің ұжымы облыстардан келген  демалып жатқан балаларға мерекелік концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарлама би, ән, Жаңа жыл туралы өлеңдерден тұрды, балалар үлкен қуанышпен және құлшыныспен  би билеп ән орындады. Олардың күш-жігері, әрине, кейіпкерлердің әртүрлі сыйлықтарымен атап өтілді: Аяз ата мен Ақшақар. Іс-шарадан кейін дәмді тағамдар ұсынылды. «Бөбек» орталығында өткізген Жаңа жыл балалардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталады.

16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

Бұл күн — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер, игілік, барлық бастамаларда сәттілік, ертеңге сенімділік тілейміз.

Арманшыл балақайлар

1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай “Егер мен президент болсам” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Ақылды,парасатты,білімді,армандары ұшқыр балалар өз ойларын достарымен бөлісті .

Біз осы балалардың мақсат қоя отырып айтылған армандарының орындалуына тілектеспін.

“День Блогодарности”

“Ризашылық күні”

26 қараша- “Ризашылық күніне” орай «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде тәрбие сағаттары мен мерекелік іс-шаралар өткізілді.Балалар ата-аналарына,ұстаздарына,достарына өз ризашылықтарын білдірді.

23 қараша- Жалпыадамзаттық Құндылықтар  күні

«Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінің ұстаздары Жалпыадамзаттық Құндылықтар күнінде балалармен құндылықтар аясында ашық тәрбие сабақтарын өткізді. Ашық тәрбие сағатында мәңгі құндылықтар туралы айтылды.Балалар өз ойларын еркін түрде айтып,құндылықтардың маңызын терең түсініп,бойларына сіңіре білді.

Он сегіз-он тоғыз буынды өлең жолдарымен қазақ поэзиясына жаңашылдық әкелген ұлы ақын Төлеген Айбергеновтың “Ана” өлеңін 2 топ “Табиғат достары” тобының кішкентай бүлдіршіні Айзат тебірене оқыды…♥️????

Туған күн-әр баланың өмірінде ерекше орын алатын мерекелердің бірі. Сыйлық алу?, көпшіліктің ықыласына бөлену, жылы лебіздер есту – ізгіліктің бәрі осы атаулы күнде болып жатады? “Бөбек” оқу-сауықтыру кешені туған иелерін шын жүректен құттықтайды?? Бақытты балаларымызға зор денсаулық, шат күлкі мен қуаныш тілейміз!??

«Әр адам бойындағы нұр» атты ауысымда «Ризашылық марафоны» өткізілді

Шығармашылық шеберханасы

Әр адам бойындағы нұр