Ата-аналармен балаларға арналған пайдалы кенестер

Денсаулық кепілі – дәрумендер

Азық-түлік құрамындағы дәрумендер – маңызды микроэлементтер дененің қалыпты жұмыс істеуі және денсаулықты сақтау үшін өте маңызды. Сауықтыру ауысымына келетін балаларға арналған ас мәзірі олардың физиологиясы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған. Балалар дәнді-дақылдар, жемістер мен көкөністерде, сүт, балық, жұмыртқа, құс, ет тобының өнімдерінде болатын дәрумендерді қабылдайды. Осының арқасында балалар жақсы көңіл-күй мен қуат алады.

Гимнастика – денсаулық кепілі

Қимыл-қозғалыс белсенділігінің тапшылығы маңызды органдар мен жүйелердің өзгеруіне әкеліп соғады. Дененің қалыпты өсуі, көздің көру өткірлігі мен құлақтың есту қабылеті төмендеп, организмнің әр-түрлі инфекцияларға төзімділігі азаяды, сондай-ақ ақыл-ойдың және ағзаның физикалық өсу қабылеті нашарлайды.«Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде сауықтырылуға келген балалардың күн тәртібі мектептегі сабақ кестесімен және белсенді қимыл-қозғалыс ойындарымен жас ерекшеліктеріне сай етіп құрылған. Дұрыс құрылған күн тәртібі балалардың денсаулығын нығайтып, негізгі мектеп пәндері бойынша білімдерін толықтырады, баланың физикалық денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қажетті сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Генча сынамасы

Генча сынамасы баланың тыныс алу жүйесінің функционалды мүмкіндіктерінің жағдайын бағалап, дененің оттегімен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Сауықтыру ауысымындағы балаларға Генча сынамасы ауысымның алғашқы және соңғы 3 күнінде жүргізіліп, медициналық картаға жазылады және жүргізілген сауықтыру бағдарламасының тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Көзге арналған гимнастика

Қазіргі уақытта жаңа технологиялар күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналғандығы көздің көру қабілетінің бұзылуына, әсіресе балалар арасында көп байқалады. Шамадан тыс жүктемеден туындаған көру өткірлігін төмендетудің алдын алу үшін көзге арналған әртүрлі жаттығулар көзді босаңсытуға, қан айналымын және көзішілік сұйықтықты жақсартуға, көз бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде көздің көру қызметін жақсарту мақсатында көзге арналған қарапайым жаттығулар емдік дене шынықтыру сабақтарында өткізіледі.

Магнитотерапия

Магнитотерапия – аппараттық емдік шаралар түрлерінің бірі. Оның әсерінен қабыну, аллергия құбылыстары төмендейді, ауырсыну мен ісіну азаяды, иммунитет белсендіріледі. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде емдеудің бұл түрі баланың жан саулығының кепілі бола отырып, созылмалы аурулармен суық тиюдің алдын алу үшін қолданылады.

Цветотерапия

Түсті терапия аппаратын Қазақстанның барлық аймақтарынан келген балаларды сауықтыру үшін оқу-сауықтыру кешенінде сәтті қолданылады. Біз балалардың физикалық және психоэмоционалды жағдайын және иммунитетті нығайту үшін жұмсақ және қауіпсіз аппараттық түстерді (күлгін, жасыл және сары) қолданамыз.

Денсаулық – зор байлық

Адам табиғаттан алатын ең қымбат сыйлық –бұл денсаулық. “Дарсонваль токтары” аппаратын оңалту-сауықтыру емдік шарасы ретінде қолдану суық тиюдің алдын алуға, иммунитетті нығайтуға, ас қорыту органдарының жұмысын қалыпқа келтіруге, жүйке жүйесін тыныштандыруға мүмкіндік береді. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде қолданылатын сауықтырудың бұл әдісі – сауықтырудың пайдалы және жағымды түрлерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс балалардың үйлесімді , рухани және физикалық дамуы үшін және денсаулықтарын нығайту мақсатында тағайындалады.

 

Жылу терапиясы

Жылу терапиясы – бұл емдік мақсатта қолданылатын, вирустардан қорғайтын, иммундық жүйені нығайтатын, жаралардың тез емделуіне ықпал ететін, жүйке жүйесін тыныштандыратын магнит өрісі. Қызыл жарық пен магниттік сәулеленудің импульсті сәулеленуі аллергиялық жағдайларда тиімді, шырышты ісінудің алдын алып, мұрынның ағуы мен бітелуін және тамақ аурын жояды, иммундық жүйені нығайтып, көңіл-күйді жақсартады, баланың психикалық және физикалық әл-ауқатын арттырады.

Тіс күтімі

«Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сауықтырылуға келген балаларға тіс дәрігері эмальды нығайту және тәтті тағамдар мен сусындарды жиі қолданған кезде тез қалыптасатын тістің бетіндегі кез-келген қақтарды кетіру мақсатында тістерге ультрадыбыстық тазалау жұмыстарын жүргізеді. Тістерді профилактикалық тазалау пайдалы және қауіпсіз. Тазалаудан кейін баланың тістері сау және әдемі көрінеді. Әдемі және сау тістер – салауатты өмір салтының, рухани әл-ауқат пен жақсы көңіл-күйдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

 

Диафрагмалық тыныс алу

Тыныс алу процессі өте қарапайым және табиғи процесс болғанымен, “дұрыс және қате”дем алу жолдары болатындығын әркім біле бермейді.
Дұрыс тыныс алу жолдарының екі түрі бар – кеуде және диафрагмалық.
Диафрагмалық тыныс алу немесе «ішпен тыныс алу» дем алу кезінде асқазанды, іш бұлшықеттерін және диафрагманы толығымен тартуды қамтиды. Бұл дегеніміз, әр дем алған сайын диафрагманы белсенді түрде төмен түсіріп, өкпені оттегімен тиімді толтырады. Осылайша, диафрагмалық тыныс алу қанды оттегімен байытуға, ішкі ағзаларды уқалауға, жүйке жүйесін тыныштандыруға көмектеседі.
Үйлесімді физикалық және рухани дамуды қамтамасыз етудегі басты шарттардың бірі – баланың дұрыс тыныс алуы. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының түкпір-түкпірінен сауықтырылуға келген балалар алғашқы күннен бастап диафрагмалық дұрыс тыныс алу техникасын меңгереді. Балаларға «ішпен тыныс алу» пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты және тартымды әдіс болып табылады.

Тұзды ванналар

Балалардың ең пайдалы және сүйікті емдік-шаралардың бірі – тұз ванналарын қабылдау. Теңіз тұзымен қаныққан су организмді йодпен байытып, метаболизм процестерін белсендіреді. Балалардың жалпы жағдайы жақсарады, өйткені тұз ванналарын қабылдау көңіл-күйді көтеріп, рухани, психикалық және физикалық жағдайлардың үйлесімділігін арттырады.

Кетле индексі

Кетле индексі бұл адамның бойы мен салмағының қатынасын анықтайтын көрсеткіш және жеке есептеледі. “Өзін-өзі тану” оқу-сауықтыру кешенінде денсаулықтарын нығайтуға келген балаларға ауысымның басында және соңында Кетле индексі анықталады, ол өткізілген сауықтыру іс-шараларының тиімділігін, балалардың рухани-эмоционалдық және физикалық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.

Дұрыс дене бітімі

Дене тұлғасы – баланың қимылсыз және қозғалыс кезіндегі дененің тік қалыпты жағдайы. Дұрыс тұлғаның қалыптасуын бағалау өте қиын: ерте жастан қимыл ширақтығы мен қозғалыс мөлшерінің жеткілікті болуы омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді, яғни сымбатты кеуде, жақсы дамыған бұлшықеттер, жинақылық пен тартымдылық, бұлшықет пен сүйек жүйесінің үйлесімді дамуы.
«Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде емдік дене шынықтыру нұсқаушысы балалар дәрігермен келісе отырып, мүсінді дұрыс қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған жаттығулар жүргізеді. Сымбатты тұлға – дене мүсінінің көрікті, әрі баланың физикалық денсаулығы мен күш қуатының кепілі.

Денені сумен шынықтыру

Сумен шынықтыру процедуралары иммунитетті нығайтуға және жылу өткізгіштік қасиетті жақсартуға көмектеседі. Шынығуды суық сумен жуынудан бастаған дұрыс. Содан кейін, сулы орамалмен сүрту, суға түсу және контрасты душқа ауыстыра аласыз. Сумен шынығуды біртіндеп және жүйелі түрде қабылдау керек. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде сауықтырылуға келген балалар күн сайын судың температурасын біртіндеп төмендете отырып жуынады және жатарда аяқтарын сүртеді. Сумен шынығу ағзаның төзімділігін арттырып, рухани және физикалық күш-қуатты жоғарылатады.

Галотерапия

Галотерапия – бұл денсаулықты нығайту үшін аурудың алдын-алу, сауықтыру және оңалту әдісінің бір түрі. Тұзды булармен қаныққан арнайы ауаның пайдалы қасиеттеріне негізделген. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген балалар тұзбен емдеу емдік шарасын қабылдайды. Қызметкерлердің ізгі ниеті,тыныштандыратын әуен, қара көлеңке жарықта емдік шарасын қабылдау балалардың тиімді сауығуына ықпал етеді.

Тіс күтімі

Сау тістер жақсы иммунитет пен жақсы көңіл-күйдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сауықтырылуға келген барлық балалар стоматологиялық кабинетте профилактикалық тексеруден өтеді және тістер мен қызылиек аурулары болған жағдайда тиімді ем алады.

Нүктелі массаж

Нүктелі массаж – организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер ететін емдеудің ең көне әдістерінің бірі. Бұл өте пайдалы процедура, өйткені дененің белгілі бір нүктелеріне әсер етудің арқасында балалардың денсаулығын өзгертіп, көптеген аурулардың дамуына жол бермей, баланың иммунитетін нығайта аласыз. Нүктелік массаж Қазақстанның түкпір-түкпірінен сауықтырылуға келетін балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартады, рухани және физикалық денсаулықты үйлестіреді. Сондай-ақ, балаларға респираторлық аурулардың алдын алу үшін биологиялық белсенді нүктелердің өзін-өзі уқалау тәсілдерін үйретеміз.

Сәулелендіру

Жарық – сәулелі энергиясы жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Жарық сәулесін дәрігерлер иммунитетті, эмоционалды, рухани және физикалық денсаулықты жақсарту мақсатында тағайындайды. «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде пайдаланылатын ультрафиолет шамы және «Биоптрон» аппараттары балаларды сауықтырудың ең тиімді және пайдалы түрлері болып табылады.

Терренкур

Терренкур (жаяу серуендеу) – «Бөбек» оқу-сауықтыру аумағында жаяу жүруге ыңғайлап жасалынған және арнайы баспалдақпен жоғары көтерілуге арналған соқпақ жолдар. Бұл әдіс, 5-20 градус бұрыштықты сақтай отырып өлшенген қадаммен жаяу серуендеу, ол физикалық төзімділікті арттырып, рухани және физикалық денсаулықты жақсарту үшін психоэмоционалды белсенділікті қалыпқа келтіруге және дененің шынығуына ықпал етеді.

Емдік – сауықтыру шаралары.

 «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығына  келген балалар емдеу-сауықтыру шараларын қабылдап, әртүрлі үйірмелерге, іс-шараларға қатысып уақыттарын көңілді әрі қызықты өткізуде!

Пайдалы кеңестер

УФО – ультрафиолет сәулеленудің айқын профилактикалық және емдік қасиеттері бар: бактерицидтік және қабынуға қарсы. Денедегі сәулеленудің арқасында қорғаныс күштері белсендіріледі, бұл қоршаған ортаның агрессивті факторларына иммунитетті (жалпы және жергілікті) күшейтуде көрінеді.

Биоптрон – жарық терапиясы жүйесі – бұл күннің табиғи электромагниттік спектрінің бір бөлігіне ұқсас, бірақ құрамында ультрафиолет сәулесі жоқ сәуле шығаратын, арнайы оптикалық құрылғысы бар, бүкіл әлемде патенттелген медициналық құрал. БИОПТРОН жарық терапиясы организмнің қалпына келу және өзін-өзі сауықтыру қабілетін ынталандыратын табиғи түрде әрекет етеді. Тіндерге енгеннен кейін, жарық энергиясы биостимуляциялаушы әсерге ие (демек, БИОПТРОН организмдегі әр түрлі биологиялық процестерді оң қоздырады және тиісінше оның жұмысын жақсартады). Ыңғайлы дәрі-дәрмексіз терапия БИОПТРОН технологиясы дәрі-дәрмектерде ыңғайлы, тиімді дәрілік емес құрал ретінде кеңінен қолданылуын және танылуын тапты. Он бес жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлемде жүргізілген клиникалық зерттеулер барысында БИОПТРОН жарақат пен операциядан кейінгі жараларды дәстүрлі емдеуде өзін керемет көмекші ретінде көрсетті. Дарсанваль – Адам денесінің беткі тіндеріне және шырышты қабаттарына физиотерапиялық әсердің жоғары жиілікті импульстік ағындармен әсер ететін дарсенвальды әдісі «электротерапия» бөліміне жатады. Автордың атымен француз физиологы және физигі Арсен Д’Арсонваль аталғанУльтрадыбыстық терапия, терапиялық әсерлер, қабынуға қарсы b ауырсынуды басу.

Дені сау ұлт – ел болашағы

«Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінде Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының балалары емдеу-сауықтыру курсынан өтіп жатыр.

Сауықтыру кезінде балалар кешенді медициналық, профилактикалық тексерулерден өтіп, стоматолог, лор дәрігерлерінде емделіп, физиотерапия, су және массаж процедураларын алуда.

Тәжірибелі дәрігерлер, медицина қызметкерлері сауықтыру бағдарламасын әр баланың физикалық және психо-эмоционалды жағдайын ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай жүзеге асыруда. Балалар көп уақытты далада өткізеді, емдеу орнында серуендейді, қозғалыс және спорттық ойындарға қатысады.

 

Бейнежазбада жоғары санатты тіс дәрігері Бердіхожаева Мәрзия Сейдуалиевна балаларға тістерді модельге қалай дұрыс қою керектігін нақты айтады, кариестің алдын-алу туралы әңгімелейді.

 

 

«Бөбек» оқу – сауықтыру орталығының физиотерапевті Мукашева Нұрсұлу Қасымқызы қатаю әдісі – жалаң аяқ жүру туралы айтады. Жалаң аяқпен жүру – бұл қарапайым және тиімді қатайту әдісі. Бұл сонымен қатар жалпақ аяқтың алдын-алу және емдеу әдісі. Видеода орындау техникасы, көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері толық сипатталған. Ауа, күн суыту, су процедуралары қатаюға да жатады.

 

 

 

Сәлем достар!
Видеода «Бөбек» орталығының педиатры салауатты өмір салтын насихаттайды. Салауатты өмір салтының ажырамас бөлігі физикалық белсенділік болып табылады. Физикалық жаттығулар жиынтығын үнемі орындау адамның денсаулығын нығайтуға, үйлесімді дамуына көмектеседі.

Спортпен шұғылдану денсаулықты нығайтады, иммунитетті арттырады. «Дені сау денеде – сау ақыл» және ол шынымен де солай. Спортпен шұғылданатын балалардың бәрі ауырмайды. Спорт баланың физикалық белсенділігін, дене бітімін, шыдамдылығын дамытып қана қоймай, мінез-құлықты дамытады. Бала ерік-жігерді, тәртіпті дамытады, оның эмоцияларын, көшбасшылық қасиеттерін бақылау қабілеті қалыптасады. Спортпен шұғылданатын балалар өзін-өзі жоғары бағалайды, көңілді және позитивті жүреді.

-Достар, мен дәрігер ретінде күніне 15-30 минут жаттығуға кеңес беремін.
Видеода жаттығуды «Бөбек» оқу-сауықтыру кешенінің педиатр дәрігері Даулетбакова Жібек Мамбеталиқызы орындайды.