«Бөбек» обсерваториясына саяхат

15.09.2022

2022 жылдың 15 қыркүйегінде Қостанай облысының Әулиекөл ауданынан келген балалар “Бөбек” Орталығының обсерваториясына саяхат жасады. Обсерватория қызметкерлері балаларға жұлдызды уақыт, ай күнтізбесі, армиллярлық сфера өлшеу құралдары туралы мәліметтерді үсынып, жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен таныстырды. Сонымен қатар балаларға «Күн жүйесі» туралы фильм көрсетіліп, кешке телескоп арқылы жұлдызды аспанды тамашалады.