Абай – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ақын

13.10.2022

Абай Құнанбаев – жазушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын. Абайдың шығармашылық мұрасы зор. Ол өзінің шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысын ашып көрсетеді. Оқу-сауықтыру кешеніне сауықтырылуға келген балалар «Бөбек» орталық кітапханасынан Абай атамыздың танымал шығармаларымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.