Дос және достық

24.03.2023

Дос деген – киелі ұғым. “Жолдасы көптің олжасы көп” дейді халқымыз. Көңілі бір адамдар ғана бір – бірімен дос бола алады. Жақсы дос ағайын – туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досқа деген пейілі ақ, көңілі пәк болады. Жалпы әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеріп, қуаныш пен шаттық күндерді бірге бөліседі. Осы орайда “Бөбек” орталығының оқу-сауықтыру кешеніне еліміздің барлық өңірлерінен демалуға келген балаларға “Дос пен достық” тақырыбында жүректен жүрекке шеңбері өткізілді. Жүректен жүрекке шеңбері барысында балалардың досқа адал болуы, достықтың мәні туралы таным түсініктері кеңейді.