“Бөбек” орталығының оқу – сауықтыру кешенінде “Біз бақытты баламыз!” атты жазғы ауысым.

01.06.2023

Балалар – біздің байлығымыз! Біз балаларға әрдайым қамқор болып, қорғаумыз керек. 2023 жылдың 30 мамырында «Бөбек» орталығының оқу-сауықтыру кешеніне «Біз бақытты баламыз!» атты 6 -шы сауықтыру ауысымына Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қарағанды, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарынан 110 бала келді.
Балалардың келуі “1 маусым – Балаларды қорғау күні” мерекесімен тұспа-тұс келді. Бұл күні балаларға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды: «Бақытты балалар – ел болашағы» атты шаттық пен мейірімділік шеңбері, спорттық квест – «Алға!, Самға!, Талма!» ойыны, мерекелік шоу, аниматорлармен ойындар, «Балалық шақтан бақытты болашаққа» атты мерекелік концерті, балаларға арналған күннің соңы көңілді би батлмен аяқталды. Мерекенің достық атмосферасы, күлкі, жақсы тілектер балаларға сергектік, денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Біз бақытты баламыз!» атты жазғы сауықтыру ауысымында балаларға жақсы демалыс, тамаша көптеген жаңа әсерлер тілейміз.