«Туған күн кешінде»

19.10.2023


«Сен туған күн мерекеміз,
Ән бастайық кел екеуміз…» – деп белгілі әнде айтылғандай «Бөбек» орталығының оқу – сауықтыру кешенінде туған күн иелерінің армандары орындалды – ауысымда 10 туған күн иесіне арналған мерекелік концерт өткізілді. Іс – шара барысында туған күн иелеріне арнайы ән шырқалып, би биленді. Туған күн иелеріне зор денсаулық, мол бақыт,көтеріңкі көңіл – күй және бақытты балалық шақ тілейміз!