“Кітап – білім бұлағы”

09.11.2023

Кітап – адамзатқа берілген үлкен сыйдың бірі болып табылады. Себебі, кітап бізге қажетті білімді, рухани құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді бойымызға дарытып, ойлау қабілетімізде шыңдап, тұлға болып қалыптасуға көмектеседі.?
Ал, біздің міндетіміз, осы байлықтың жоғалуына жол бермей, келер ұрпаққа жеткізу. Осы міндетті орындау мақсатыңда Оқу – сауықтыру кешені балаларды С. Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасына эксурсияға апарады.?✒️
Кітапханада балалармен сергіту сәті, кітаптардың презентациясы, қызықты әңгіме – сұхбат және кішігірім экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға саяхат өте қатты ұнады. Балалардың бойында кішкене болсың кітап оқуға деген қызығушылығын ояттық деген сенімдеміз.✅️